Түркістан облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

669

Демалыс күндері Түркістан облысының аумағында екі жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.  

Түркістан облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

19 желтоқсан күні сағат 10:35 шамасында кезекші бөлімге Ордабасы ауданында Шымкент-Самара тасжолының 125-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жүк көлігі аударылып, салдарынан "фураның" жүргізушісі алған жарақатынан көз жұмды. Оқиға орнына полиция мен ТЖД қызметкерлері келді.

Сол күні Ескі Иқан ауылы жанында Шымкент-Түркістан тасжолы бойында "ДАФ" жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, автокөлік аударылған.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы салдарынан бұл жүк көлігінің жүргізушісі де оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды.

Аталған жайттар ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеушілер жол-көлік оқиғаларының мән-жайын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жолдарда, әсіресе ауа-райы қолайсыз кезде абай болуды ұсынады.

Жүргізушілер жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және көктайғақтағы трассаларда мұқият болуға тиіс.

"Сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі жол ережесін сақтауға тікелей байланысты. Есіңізде болсын, жол қателікті кешірмейді. Сонымен қатар жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтаңыздар" деп ескертеді полиция.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу