Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

647

Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы 13 сәуір күні Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong автобусына Audi 100 жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке басы анықталуда", – деп жазылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу