Түркістан облысында жол ережесін бұзған 230-ға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

385

Полиция рейд барысында пилотсыз ұшу аппараты арқылы бақылау жүргізді.  

Түркістан облысында жол ережесін бұзған 230-ға жуық жүргізуші жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Түркістан облысының Келес ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында профилактикалық рейд өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 230-ға жуық дерегін анықтап, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Рейд кезінде жолдағы жағдайды бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараты қолданылды. Нәтижесінде Hyundai Sonata және Li Auto L9 көліктерінің жүргізушілеріне қатысты заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылып, жиналған материалдар сот қарауына жіберілді.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға шақырды. Ведомство қарсы бағыттағы жолаққа шығу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу