Түркістан облысында жолды жарыс алаңына айналдырған 6 жүргізуші жауапқа тартылды

307

14 әкімшілік хаттама толтырылып, стробоскоптар тәркіленді.

Түркістан облысында жолды жарыс алаңына айналдырған 6 жүргізуші жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасаған алты жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың әрекеті әлеуметтік желілердегі бейнежазбалар арқылы белгілі болған.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылар 18 бен 32 жас аралығындағы азаматтар. Тексеру кезінде кейбір көліктерге заңсыз құрылғылар орнатылғаны, ал бірнеше жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргені анықталды.

Осы деректер бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Заңсыз орнатылған стробоскоптар тәркіленіп, автокөліктер айыптұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу