banner

Түркістан облысында жоспарланған жаздық дақылдардың 21%-ы егілді

767

Биыл Түркістан облысында 848,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 3 мың гектарға артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Түркістан облысында жоспарланған жаздық дақылдардың 21%-ы егілді

Оның айтуынша, егістікті әртараптандыруға сәйкес, биыл мал азығы дақылдарына көңіл бөлініп, егіс көлемі 13 мың гектарға артып, жалпы 228 мың гектар алқапқа егіледі.  

"Бүгінгі таңда жоспарланған жаздық дақылдардың 21%-ы егілді. Өткен жылмен салыстырғанда көктемгі дала жұмыстары бір аптаға ерте басталды. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 22 701 дана ауыл шаруашылық техникасы қатысуда. Жоспарланған жер жырту жұмыстарының 95%-ы орындалды, 106 мың гектар жерде сор шаю жұмыстары толықтай жүргізілді. Биылғы жылдың өнімі үшін егілген 177 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы. Қоректендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Түркістан облысындағы ауыл шаруашылық дақылдары 100% тұқыммен қамтамасыз етілді. Осы тұқымдардың 50%-ы субсидиялау мақсатында 600 млн теңге қаржы бөлінді", – деді Нұрбек Бадырақов.

Бұдан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Аграрлық несие корпорациясынан 6%-бен 5,3 млрд теңге несие қаржы қарастырылып, 3,6 млрд теңгесі 783 тауар өндірушіге таратылды. Сондай-ақ 60 мың тонна минералды тыңайтқышты дер кезінде жеткізу үшін "ҚазАзот" ЖШС келісімшарт жасалды. 

"Бүгінгі таңда облыста осы қажеттіліктің 50%-ы бар, 10 мың тоннасы таратылды, 25 мың тоннасы қоймада тұр, тауар өндірушілерге күнделікті келісімшартқа сәйкес босатылуда", – деді басқарма басшысы.   

Сонымен қатар облыста 47 900 тонна жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. Бүгінгі таңда 18 мың тонна жағармайдың құны толығымен төленіп, тауар өндірушілерге 6 300 тоннасы босатылды. Бағасы тауар өндірушілерге жеткізіп беру құнын қоса алғанда 193-195 теңгеден сатылып жатыр. Бұл нарықтағы бағамен салыстырғанда литріне 30-35 теңгеге арзан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу