Түркістан облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті

458

Оқиға болған жерден түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.  

Түркістан облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті Фото: baigenews.kz

Түркістан облысындағы Манкент станциясында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті, деп жазады inbusiness.kz "ҚТЖ" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қаңтар күні сағат 19:50-де Шымкент-Арыс учаскесінің Манкент станциясында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қацтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, аталмыш жағдайдың салдарын жою үшін Шымкент, Арыс станцияларының қалпына келтіру пойыздары тартылды. 

Арнайы құрылған комиссия оқиғаның себеп-салдарын анықтамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу