Түркістанда көгалдандырумен айналысатын мекеме 29 миллионға жуық жалақы төлемеген

313

Заңбұзушылықтар үшін мекеме басшысы мен бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түркістанда көгалдандырумен айналысатын мекеме 29 миллионға жуық жалақы төлемеген  Фото: canva

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жасыл аймақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізіп, мекеме қызметкерлері алдында еңбекақы бойынша берешек қалыптасқанын және жалақы төлемдерінің толық көлемде төленбегенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде 548 жұмысшыға жалпы сомасы 28 710 432 теңге еңбекақы толық көлемде төленді.

Осылайша, қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтары қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу