Түркістан облысында жылыжайларда израильдік озық технологиялар пайдаланылмақ

659

Израильдік компания Түркістан өңіріне инвестиция салуға ниетті.

Түркістан облысында жылыжайларда израильдік озық технологиялар пайдаланылмақ

Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Ілияс Досқожаев пен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы Түркістан жеріне Израиль елінен арнайы келген халықаралық компания өкілдерімен кезде­сіп, қос тарап тиімді келісімге келді.

Шетелдіктердің облыстың аграрлық саласына инвестиция құямыз деген ниеті құпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

QazaqBioProduct компаниясы израильдік серіктестермен бірлесе отырып, қызанақ, қияр, қарбыз, қауын, салат және т.б. көшеттерін өсіретін жылыжай салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда.

Басқосуда шетелдік ірі компанияның бүгінгі өркениет талаптарына сай келетін жаңа техно­логияларына және оның тиімділігіне баса назар аударылды. Жылыжайға бақша дақылдарын өсіру барысында израильдік озық технологиялар пайдаланылады.

Әкімдік берген мәліметке сүйенсек, биыл Түркістан облысының егіс көлемі 851 000 гектарға жетті. Қосымша 26 гектарға жылыжайлар салынып, республикадағы үлесі 71%-ды құрап, алаңы 1,5 мың гектарға жеткен. "Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу" жобасы бойынша 8 400 гектарға 3 000 жоба жүзеге асырылып, 145 500 тонна көкөніс өнімі жиналған. Жалпы 3,1 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналалыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу