Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге жолға шықты

864

Жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. 

Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге жолға шықты

Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Олар солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеуге шешім қабылдады.

Айта кетсек, солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 3 жылдың ішінде өңірден 700-ден астам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.

Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Мамандардың айтуынша,  қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. 

Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу