Түркістан облысының 83 елдімекені электрсіз қалды – Нұрлан Ноғаев

894

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрлеріне өтініш білдірді. 

Түркістан облысының 83 елдімекені электрсіз қалды – Нұрлан Ноғаев

Нұрлан Ноғаев электр желісі тіректерінің сапасына қойылатын талапты қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл 13 наурызда мұзды жаңбыр мен екпінді желдің кесірінен электр сымдары мұзданып, KEGOC акционерлік қоғамына тиесілі электр беру желісінің 243 тірегі және "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-ға тиесілі электр желісінің 5270 тірегі құлады. Соның салдарынан Түркістан облысының 83 елдімекені электрсіз қалды", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соңғы жылдары электр желісінің бойындағы діңгектерден жиі ақау шығып жатыр. 

"Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілері жалғанған темірбетон тіректердің бүліну жиілеп кетті. Осыған байланысты электр желілерінің қолайсыз табиғи-климаттық әсерге төзімділігін арттыру үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктеріндегі әріптестеріме электр желілерінің тіректері мен олардың конструкциялық элементтерінің сапасына қойылатын қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормалардың талабын қайта қарау туралы өтініш білдіргім келеді", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу