Түркістан облысының әкімі ЮНЕСКО өкілдерімен кездесті

1037

Облыс басшысы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ескерткішінің мейлінше, бұрынғы кейпінде сақталуы маңызды екенін жеткізді. 

Түркістан облысының әкімі ЮНЕСКО өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Түркістан облысы мен ЮНЕСКО-ның өңіріміздің әлеуетін арттырып, одан әрі дамытуда мүмкіндіктері зор деп білем. Жылдың басында біз сіздермен "Музей ісі" мамандарын оқыту бойынша бірлескен тренингтер өткіздік. Бүгінде өздеріңіз ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесін тарихи ландшафт қалашығына бағытталған көзқарасты енгізу жолымен техникалық қолдау" Ұлттық семинарын өткізуді бастадыңыздар. Осы жылы Криста Пиккат ханыммен кездесуде біздер материалдық және материалдық емес мәдени мұраны қорғау, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсынысымен тікелей іске асыратын мамандарды даярлау мен оларды оқыту мәселелеріндегі жұмысты тереңдетуге уағдаластық. Осыған байланысты, ЮНЕСКО-ның Париждегі кеңсесі мен Кристина Иаманди ханымның облысымызға сапары үшін жеке алғысымды білдіргім келеді", — деді аймақ басшысы.

Екі жақты жүздесуде әкім Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ЮНЕСКО әлемдік мұрасының нысаны ретінде шетелдік туристер үшін тартылыс күшіндей екенін сөз еткен облыс басшысы ескерткіштің, мейлінше, бұрынғы кейпінде сақталуы маңызды екенін жеткізді. Ондағы рекреациялық жүктемені ескерген ол кесенені басқару менеджментіне сандық технологияны ендіру маңызды деп есептейтінін білдірді.

Отырыста меймандар облыс басшысымен бірге Түркістан облысы мен оның орталығы Түркістан қаласының тарихи, қалалық ландшафттар мәселелері жөнінде де әңгімелесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу