Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

152

Ол бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған.  

Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады Фото: eduser.online

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже –140 ұпай иеленді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Көпбалалы отбасында тәрбиеленген Жәнібек бұл нәтижеге өз күшімен жетіп, табандылық пен жүйелі дайындықтың үлгісін көрсетті.

"Жәнібек Асқарұлы – мақсатшыл, жауапкершілігі жоғары, білімге құштар жас. Оның бұл жетістігі өзгелерге мотивация бола алады. Біз оны шын жүректен құттықтап, болашақта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз, – делінген Түркістан облысы Білім басқармасының хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу