Түркістан облысының прокурорлары 30 миллион теңгенің жоғалуына жол бермеді

Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлайды. 

Түркістан облысының прокурорлары 30 миллион теңгенің жоғалуына жол бермеді Фото: inbusiness.kz

"Шымкент жасыл қала" ЖШС-і Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің "Түркістан жарық тазалық" ЖШС-нен 30 миллион теңге қарыз соманы өндіру туралы талап арызбен жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы тұрғыда, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде сот талапты қанағаттандырып, жауапкерді қарыз соманы төлеуге міндеттеді.

"Алайда, Түркістан облысының прокуратурасы бұл шешімге наразылық келтіріп, нәтижесінде 19.12.2023 жылы апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, жауапкерден өндіріп алынған қарыз соманың күшін жойды.

Атап айтқанда, апелляциялық саты прокуратураның даулы сомаға орындалған жұмыс актілері жауапкерде жоқ және талапкермен тіркелмеген. Сондай-ақ, талап қоюшы шарттың қолданылу мерзімі ішінде көрсетілген соманы төлеуге шот-фактураларды ұсынбағаны туралы уәждерімен келіскен", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын шығындауға тосқауыл қойылды.

Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу