Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған

954

Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінді. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша тіркеді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды.

Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу