Түркістан облысының тауларында 12 адам жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"5 қаңтар күні сағат 10:00-де Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен жоғары өтімділігі бар техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты ТЖМ тікұшағын жұмылдыру жоспарланған көрінеді.
"Жоғалған адамдар соңғы рет 3 қаңтар күні сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш иесінің айтуынша, олар 3 қаңтар күні Шымкентке оралуы тиіс болған", - деп хабарлады ведомство.