Түркістан: Сайрамда 100 гектар жерге алма бау құрылды

766

Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. 

Түркістан: Сайрамда 100 гектар жерге алма бау құрылды

Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бауы құрылды. Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу станциялары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық және т.б. қарастырылған. Жобаның жалпы құны - 2 097,3 млн теңгені құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.

Интенсивті отбасылық бақтарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС-гі жүзеге асырған.

Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасына қарасты "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу