Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл мамандарға суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге кірісті.
"Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.