Шегіртке дернәсілдерінің таралуы Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелді. Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары залалсыздандырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады.
189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:
- Жамбыл облысында – 0,7 мың гектар,
- Түркістан облысында – 188,4 мың гектар.
Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, шегірткелердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумағына көшуіне жол берілген жоқ.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Шегіртке дернәсілдерімен күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр.