Түркістанда 1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші жұмыстан босатылды

934

Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің бүлдіршінді аяусыз жұлқылаған видеосы тарады.  

Түркістанда 1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші жұмыстан босатылды Фото: Бейнежазбадан

Оқиға 21 ақпан күні Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. 1,5 жастағы баланың анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап, кейін құзырлы органдарға шағымданған.

Болған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

"Полиция Түркістан балабақшасындағы баланы ұру дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән жай анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Облыстық білім басқармасы тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

"Аталған мәселені Түркістан облысының білім басқармасы назарға алды. Оқиға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде орын алған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша құзырлы органдар жұмыс жасауда. Тәрбиешінің көмекшісі қазіргі таңда өз еркімен жұмыстан босатылды", – деді Түркістан қаласы білім бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу