Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам екі қызды 6 және 8 жастан бастап зорлап келген.
Осыған қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсінік берді.
– 2025 жылдың желтоқсанында Кентау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер бойынша полицияға арыз түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні нақтыланды.