Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокс турнирі басталды

190

Жарыста 400-ден астам жас боксшы бақ сынайды.  

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокс турнирі басталды Фото: gov.kz

Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XXI халықаралық бокс турнирі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бәсеке Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Турнирге Қырғызстаннан және Қазақстанның бірқатар өңірінен 400-ден астам жас спортшы қатысуда.

Жарыс 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Жас боксшылар бірнеше күн бойы шаршы алаңда бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Турнирдің ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, сондай-ақ Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері мен анасы сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу