Түркістанда бетін маскамен жапқан 2 жігіт бейнекамераларды қасақана сындырған

159

Түркістан қаласында бейнекамераларды қасақана сындырған 2 күдікті ұсталды. 

Түркістанда бетін маскамен жапқан 2 жігіт бейнекамераларды қасақана сындырған Фото: Бейнежазбадан

Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Полицейлер қылмысты ашу барысында жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеді. Күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде олар қолға түсті.

– Тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Бетін маскамен жасырған екі азамат ұзын ағаштың көмегімен камераларды істен шығарған. Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдіктілер жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға наразылық білдіріп, осы әрекетке барғандарын мойындаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу