Мерекелік бағдарламаның бірегей бөлігі – "Жаппай кітап оқу" флешмобы. Бұл ерекше форматтағы шараға 500-ден астам оқырман қамтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйымдастырылған ауқымды оқырман қозғалысына жергілікті мектеп оқушылары, студент жастар, сондай-ақ "Ұлттық Ұлан" әскери бөлімінің сарбаздары белсене атсалысты.
Флешмоб барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің жауһарларынан үзінділер оқып, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Бұл бастама – ұрпақты кітапқа баулудың жарқын үлгісі, сонымен қатар жас буын мен әскери қызметкерлер арасындағы рухани байланыстың нығаюына ықпал етті.
"Жаппай кітап оқу" флешмобы – кітапты ұлықтау арқылы ұлт болашағына қызмет етудің бір жолы. Бұл шара қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттырып, ортақ рухани кеңістік қалыптастыруға бағытталған.