Түркістанда 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті

60

Оқиға болған сәтте бүлдіршіннің ата-анасы үйде болған.

Түркістанда 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті Фото: Техпром

Түркістан қаласы Талас көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүлдіршіннің дәретхана шұңқырына қалай түсіп кеткені белгісіз. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде келіп, баланы аман алып шықты.

"Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы дала дәлізінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген Түркістан облыстық ТЖД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу