Түркістанда оқушыны өлтірді деген күдікпен сыныптастары ұсталды

102

Қазір оқушының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Түркістанда оқушыны өлтірді деген күдікпен сыныптастары ұсталды Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 3 қарашада Түркістан қаласының шетіндегі зираттардың бірінде болғанын жазған болатынбыз.

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты күдіктілер түгел ұсталды.

– Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті шараларды жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысын сыныптасы кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиғаға қатысқандардың бәрінің ізін суытпай ұстады, – делінген облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде.

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу