Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде Түркістандағы көшелердің бірінде BMW автокөлігінің жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу