Түркістанда фельдшерді ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

280

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Түркістанда фельдшерді ұрып-соққан ер адам қамауға алынды Фото: almaty.tv

Түркістанда фельдшерді соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Түркістанда ер адам жүкті әйелін тексеріп жатқан фельдшерді соққыға жыққанын жазған болатынбыз. Медицина қызметкерінің ауруханада екі аптадай емделуі тиіс екені белгілі болды.

Фельдшердің күдіктімен татуласқанына қарамастан, полиция бұл деректі мұқият тексеруге шешім қабылдады.

"Түркістан қаласында шақырту кезінде медициналық қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс менің жеке бақылауыма алынды", – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Кәбденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу