Түркістанда газ құбырларын ұрлаған ер адам ұсталды

808

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге. 

Түркістанда газ құбырларын ұрлаған ер адам ұсталды

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, белгілі бір мекемеге тиесілі ұзындығы 240 метр болатын газ құбырларын белгісіз біреулер ұрлап кеткендігін көрсетеді. Оқиға орнына дереу жеткен аудандық тәртіп сақшылары мекемеге орнатылған бейнекамера арқылы күдіктінің түр-тұлғасын анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz

Полицейлерден шұғыл топ құрылып, жедел-іздестіру шараларының арқасында ұрлық жасаған азамат анықталды. Нәтижесінде аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғын үйінен ұстады.

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Айғақты зат ретінде ұрланған құбырлар алынды.

Алайда Төлеби аудандық сотының шешіміне сәйкес, жәбірленушіге келтірілген шығынның өтелуіне орай екі жақтың ымыраға келіп, келісуіне байланысты медиация тәртібімен іс қысқартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу