Түркістанда "Көшпенділер рухы" халықаралық фестивалі өтеді

1014

Қолға алынған экспедициялық фестивальдің гала-концертін тамашалауға 5 мың көрермен шақырылады.

Түркістанда "Көшпенділер рухы" халықаралық фестивалі өтеді

Жеті күнге жоспарланған фестиваль барысында Түркістан мен Сауранның тарихы жайлы мол мағлұмат беруге арналған көптеген шара өткізіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Оңтүстік аңыздары" жобасы аясында қолға алынған экспедициялық фестивальдің гала-концертін тамашалауға 5 мың көрермен шақырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша сахна Сауран қалашығы бейнесінде жасалынады. Экспедициялық концерттің тартуы ретінде тарихи қалашық маңына жүргінші жолы мен мыңдаған көшет отырғызылмақ. Концерт алаңының құрылысын жүргізуші – BI Group құрылыс компаниясы.

Қазақстандық және шетелдік әншілердің қатысуымен өтетін шараның мақсаты — ХІІІ-ХVІІІ ғасырларға тән Сауран қалашығын насихаттай отырып, туристерді көптеп тартуға ықпал ету.

Ортағасырлық Сауран қаласы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі таңда Сауран қаласы солтүстіктен  оңтүстікке қарай 850метр, шығыстан батысқа қарай 660метр созылып жатқан қорған қамалмен қоршалған.

Гала-концерт 25-26 сәуірге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу