Түркістанда мектеп мұғалімі мен ата-ана төбелесіп қалды

883

Түркістанда мектеп мұғалімі мен ана-аналардың бірі төбелесіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістанда мектеп мұғалімі мен ата-ана төбелесіп қалды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалім мен ата-ананың ерегісіп, кейіннен бір біріне қол жұмсауға дейін барғанын көруге болады.

Аталған оқиғаға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы түсініктеме берді.

"Мектеп ғимаратына келіп, вахтерға тіркеліп, сынып жетекшіге жолығатынын айтқан ата-ана мектеп дәлізінде мұғалімін көргенде қол қөтеріп, күш көрсеткен. Жанжал мұғалімдердің көмегімен ажыратып, полицияға хабар берілді. Зәбір көрген мұғалім осы мәселе бойынша полиция басқармасына ананың үстінен арыз түсірді. Араға 3 күн салып ата-ана мектепке қайта келіп, мектеп ұжымынан және жапа шеккен ұстаздан кешірім сұрады. Екі тарап өзара ымыраға келді", - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу