Түркістанда мүфтияттың филиалы ашылады

822

Түркістанда мүфтияттың филиалы ашылады

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды. Бұл туралы шешім бүгін Астанада бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның кезектен тыс төралқа мәжілісінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиынға ҚР дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, ҚМДБ бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер - Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және облыстың бас имамдары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу