Түркістанда науқастың қуығынан 80 тас алынды

85

Түркістан қалалық орталық ауруханасында 60 жастағы науқасқа тері арқылы жүргізілетін "цистолитотрипсия" отасы жасалды.

Түркістанда науқастың қуығынан 80 тас алынды Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Пациент көптен бері кіші дәретке бару кезінде ауырсыну мен жайсыздыққа шағымданып келген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен, оң нәтиже болмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кешенді диагностикалық зерттеулер барысында қуық қуысында көп мөлшерде тас жиналғаны анықталды.

– Дәрігерлер шешімімен науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни тері тілігі аз (шамамен 1 см), оңалту кезеңі мен стационарлық емнің қысқалығымен ерекшеленеді. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Хирургиялық ота сәтті іске асты, – деп хабарланды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Науқастан 3-тәулікте катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң көрсеткішпен үйіне шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу