Түркістанда өрт кезінде екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды

426

Құтқарушылар өртті жедел сөндірді.  

Түркістанда өрт кезінде екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан қаласындағы Сарқырама көшесінде уақытша тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті қысқа уақытта сөндірді. Өрт сөндірушілер жалынның көрші үйге таралуына жол бермеді.

Сондай-ақ қауіпті аймақтан екі газ баллоны шығарылып, олардың жарылу қаупінің алдын алды.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу