Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілердің жаңа ғимараты бой көтерді

562

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар стратегиялық маңызды құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілердің жаңа ғимараты бой көтерді

Мердігер компания басшыларымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.

Облыстық полиция департаменті ғимараттары кешенінің құрылысы қыркүйек айында басталған. Келер жылы пайдалануға берілмек. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2. Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы №5 әкімшілік ғимаратының құрылысы (ДГД) да қарқынды. Ғимараттың жалпы ауданы – 8843,82 м2. Бүгінгі таңға шатыры жабылған, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөңдіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ғимараты 3 мың шаршы метр. 3 қабатты ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу