Түркістанда танысына 1,2 млн теңге несие алып бермекші болған алаяқ ұсталды

1077

Күдікті танысын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп алдаған.  

Түркістанда танысына 1,2 млн теңге несие алып бермекші болған алаяқ ұсталды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп алдын ала 1,2 млн теңгесін жымқырған. Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай, алдап жүргенін жазып көрсеткен. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта күдікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу