Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

487

Бейресми саммит қарсаңында рухани қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді Фото: Түркістан облысының әкімдігі

15 мамырға жоспарланған саммитке ұйымға мүше елдердің көшбасшылары қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрметті меймандардың қатарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бар. Оның Түркістандағы кездесуге қатысатыны Ақорда мен түрік тарапы арасындағы келіссөздер кезінде белгілі болды.

Бейресми саммит барысында түркі елдері арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ұйым аясындағы интеграциялық жобаларға ерекше назар аударылады. Қала аумағында 6-15 мамыр аралығында дрон ұшыруға уақытша тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу