Түркістанда жұмысшысының атына несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды

476

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістанда жұмысшысының атына несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды Фото: canva.com

Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді.

Нәтижесінде, оны тәулік ішінде анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған.

Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу