Тексеріс барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысының прокуратурасы аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілерін енгізді.
Нәтижесінде 50 білім беру мекемесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алды және 12 184 балаға тиісті қызмет көрсетіледі.
"Орын алған заң бұзушылықтар бойынша мектеп әкімшілігі мен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес 81 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды", – делінген хабарламада.