Түркістандағы қанды жанжал: Ер адамның өліміне байланысты күдіктілер ұсталды

267

Түркістан облысында ер адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістандағы қанды жанжал: Ер адамның өліміне байланысты күдіктілер ұсталды Фото: ЖИ

Полиция оқиғаға қатысы болуы мүмкін азаматтардың барлығы анықталып, күдікті ретінде ұсталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде Түлкібас ауданында ауылдастарымен кездесуге барған ер адамның соққыға жығылып, көз жұмғаны туралы ақпарат кеңінен тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, оған бірнеше адам шабуыл жасаған.

Осы жағдайға байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар барлық азаматтар анықталып, ұсталған.

Қазір тергеушілер істің барлық мән-жайын жан-жақты зерделеп, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін әрбір күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес процестік шешім қабылданады.

Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу