Түркістандық азамат тұрмыстық қалдықтан комбайн бөлшектерін шығарады

1092

Өзбекстандық шпиндельді щетканың әр данасы 4 мың теңге болса, Қозыбай Әшековтың қолынан шыққан екі маусымға жарамды өнімнің бағасы соның тең жартысы – 2 мың теңге.

Түркістандық азамат тұрмыстық қалдықтан комбайн бөлшектерін шығарады

Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қозыбай Әшеков ұлы Алтаймен бірге пластикалық қалдықтардан (босаған баклашкалардан) мақта теретін комбайндарға қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1мм болатын жіп шығарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін аталмыш щетканы көршілес Өзбекстан елінен тапсырыспен алып келген комбайн жүргізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнімнің сапасының жоғары, бағасының арзан екендігін айтады.

Бүгінде қол күшімен ғана жұмыс жүргізіп отырған азаматтар күніне 25 данаға дейін шпиндельді щетка жасап жатыр. Өткен жылы 28, биыл 40-қа тарта комбайнға өнім дайындаған азаматтар тапсырыстың күн санап артып отырғанын айтады.

Айта кетейік, Қозыбай Әшековтың отбасы шпиндельді щетка шығарумен ғана емес, сонымен қатар, жылы жай, бау-бақша өсіру ісін де дұрыс жолға қойған. Бүгінде ауылдың 60 пайызын жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етіп келеді.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу