Түркістандық дәрігерлер баланың өңешінен бөгде затты алып шықты

228

Батарейка баланың өңешіне тұрып қалған.  

Түркістандық дәрігерлер баланың өңешінен бөгде затты алып шықты Фото: gov.kz

Түркістан облыстық балалар ауруханасында өңешіне бөгде зат тұрып қалған балаға шұғыл түрде күрделі ота жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анасының айтуынша, бала тамақ ішкеннен кейін жөтеліп, жүрегі айнып, сілекейі көп бөлінген. Аудандық орталық ауруханада жасалған рентгенологиялық тексеру кезінде өңешінде дөңгелек пішінді металл зат – батарейка анықталған. Науқас шұғыл түрде жедел жәрдеммен Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қабылдау бөлімінде хирургтер мен эндоскопистер бірлесіп тексеру жүргізіп, қосымша зерттеулер жасады. Рентген нәтижесінде бөгде заттың өңештің жоғары үштен бір бөлігінде орналасқаны расталды. Баланы аман алып қалу үшін хирургтер шұғыл ота жасап, бөгде затты алып шықты.

Дәрігерлердің айтуынша, операция күрделі өткен. Кішкентай пациент отадан кейін біраз уақыт реанимация бөлімінде дәрігерлердің қатаң бақылауында болды.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер ата-аналардан балаларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу