banner

Түркістандық диқандар мақта алқабын қысқартты

834

Биыл облыста 825 мың гектардан астам алқап егіледі.

Түркістандық диқандар мақта алқабын қысқартты

Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қыза түсті. Бүгінге дейін өңірде 159 мың гектар жерге өнім егілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сенсек, алқаптарды әртараптандыру үшін өңірде картоп, көкөніс және бақша дақылдарының көлемін 122 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың гектар артық. Сондай-ақ, мал азығы дақылдарының алаңы 11,6 мың гектардан 212 мың гектарға дейін кейтілмек.

"Майлы дақылдар алқаптары өткен жылдың деңгейінде қалды – 91 мың гектардан астам. Дәнді-масақты дақылдарды себу алқабы 227 мыңға дейін, мақта егу алқабы 118 мыңға дейін қысқарды. Көктемгі егіс жұмыстарына 17 мың трактордың 97 пайызы, 2,9 мың соқа, 430 бірлік топырақ тұндырғыш және 1,8 мың бірлік тұқым сепкіш дайын. Биыл Түркістан облысына егіс науқанына 37 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді, оның 20 мың  тоннасы үшін төлем жасалып фермерлерге жіберілді", – деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпараты бойынша, өңірде 93,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялауға 3,5 млрд теңге бөлініпті. "ҚазАзот" акционерлік қоғамы облысқа 27 мың тонна тыңайтқыш жеткізген. Оның 7 мың тоннасы шаруаларға берілген.  "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Түркістан облысында егіс науқанын қаржыландыруға 5,3 млрд теңге бөлді. 112 фермер 1 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

Көктемгі егіс жұмыстарына карантиндік шектеулердің кедергі келтірмеуі де ерекше назарда. Қажетті жұмыстарды уақытында жүргізу үшін Шымкент қаласы мен Түркістандағы, аудандардағы блок-бекеттерге 24 минералды тыңайтқыштар жеткізушіс мен 83 отын жеткізушінің көлік тізімі жасалып, жауапты органдарға берілген.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу