Түркістандық оқушылар республикалық робототехника жарысынан бас жүлдені жеңіп алды

427

Жарыстың негізгі мақсаты – STEM дағдыларды, цифрлық технологиялар ғылымдарын тарату және танымал ету, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникаға қызығушылығын арттыру.   

Түркістандық оқушылар республикалық робототехника жарысынан бас жүлдені жеңіп алды Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және "USTEM Robotics" – Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту" қоғамдық қорының STEM білім беруді дамытудың жол картасы аясында "Central Asia FIRST Championship 2023" робототехникадан Халықаралық жарысының (FIRST жарысы) республикалық кезеңі 2023 жылдың 24 - 26 ақпан аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткізілді, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

FIRST жарысына 80-нен аса команда 1500-ден аса оқушы қатысып, бақ сынады. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернатынан "Future Talents" командасы "ROBOT DESIGN" жарысынан бас жүлдені, "TeenLights" командасы "INNOVATION PROJECT" жарысынан I орынды, М.Тасова атыңдағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатыныі "Tasova" командасы "RISING ALL-STAR" сайысы бойынша I орынды жеңіп алды. Команда жетекшілері: С.Далмырзаев, А.Кенжеева, М.Омаров және И.Парпиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу