Түркістандық шаруа тәулігіне 1300-ге жуық бөдене жұмыртқасын сатады

487

Сапарбек Махановтың щаруашылығында 3500-ден астам құс бар.  

Түркістандық шаруа тәулігіне 1300-ге жуық бөдене жұмыртқасын сатады Фото: gov.kz

Бөдене құсын өсіретін жігіт күн сайын 1300 жұмыртқаны 30 теңгеден өңірдегі мейрамханалар мен сауда орындарына өткізеді.

Кәсіпкер бөдене өсіруді осыдан жарты жыл бұрын қолға алған. Алдымен Шымкент қаласынан 2000 дана бөдене жұмыртқасын сатып алып, оны арнайы инкубаторда өсірген.

Қазір онда бөдененің 4-5 түрі өсірілуде. Құстың 1300 аналығы 16 сағат сайын 1 жұмыртқадан береді. Мамандардың айтуынша, бөдененің еті де, жұмыртқасы да ағзаға пайдалы. Сондықтан аталған өнім нарықта үлкен сұранысқа ие.

Айта кететін тағы бір жайт: шаруа иесі кәсібін өз қаражатына бастаған. Ендігі кезекте шаруашылығын кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдауға сүйенбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу