Түркістандық шаруалардың мәселесі шешілді

1002

Республиканың барлық облыстарының жергілікті атқарушы органдары жақын арада түркістандық шаруалардың өнімін сатып алатын болды.

Түркістандық шаруалардың мәселесі шешілді

Түркістан облысының аграрийлері биылғы жылы 8 мың гектар алқапқа ерте шығатын орамжапырақты егіп, сәуір және мамыр айларында 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Дегенмен төтенше жағдай кезінде өсірілген өнімді сақтау және сату барысында қиындыққа тап боламыз деп алаңдап отыр.

Фермерлерге көмек көрсету үшін АШМ облыс әкімдіктерімен кеңес өткізіп, облыстарды өзара азық-түлік қоры туралы ақпаратпен алмасып, жетіспеушілік байқалған аймақтарға өнімнің артышылығы бар өңірлерден тауар алмасуға шақырды. Нәтижесінде республиканың барлық облыстарының жергілікті атқарушы органдары жақын арада Түркістан облысынан 50 мың тонна ерте шығатын орамжапырақты сатып алатын болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, өнімді экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттар жедел түрде берілуде. Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресейге еш кедергісіз сата алады.

Бүгінгі таңда Шымкент және Түркістан облыстары бойынша 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 4 мың тоннаға жуық орамжапырақ үшін 204 фитосанитариялық сертификат алды.

Тез бұзылатын өнімдерді кедергісіз тасымалдау үшін фермерлердің автокөліктеріне "#BizBirgemiz Түркістан облысының азық-түлік өнімдері" деген жазбамен логотип жабыстырылады. Мұндай жапсырмалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттармен бірге берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу