Түркістандықтарға 89 млн теңге қайтарылады

967

Түркістан облысында суды беру қызметіне тариф төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркістандықтарға 89 млн теңге қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті "Нұра топтық су құбыры" ШЖҚ РМК-ы "Оңтүстікауызсу" филиалының реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасаған.

"Талдау барысында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығын баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды. Бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты", - деп жазылған комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осыған байланысты комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқығын қалпына келтіру үшін уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шара қабылдады.

"Нәтижесінде департаменттің бұйрығына сәйкес "Нұра топтық су құбыры" ШЖҚ РМК-ы "Оңтүстікауызсу" филиалы тұтынушыларына тарифті 1000 теңге м3 үшін 247,13-тен 234,74 теңгеге дейін немесе 5,01%-ға уақытша төмендету арқылы 89 млн 430 мың 78 теңге көлемінде қайтарады", - деп жазылған хабарламада.

Бұйрық 2021 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу