Түркістанның Келес ауданында 8 елдімекенге газ берілді

1287

Қазіргі таңда 1519 үйге көгілдір отын жеткізілді.

Түркістанның Келес ауданында 8 елдімекенге  газ берілді

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етуге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар аяқталып, аталған ауылдық округтерге жүргізілген табиғи газ жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елдімекендеріне, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан, 28 гвардия, Дихан, Берекелді елдімекендеріне, жалпы 8 елдімекенге газ құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда 1519 үйге көгілдір отын жеткізілді. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасуға аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік,  жыл соңына дейін Келес ауданында жалпы табиғи газ жүйесімен тағы да 5 елдімекен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу