Түркия 43 мыңға жуық заңсыз мигрантты елден шығарды

493

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі хабарлады.

Түркия 43 мыңға жуық заңсыз мигрантты елден шығарды Фото: Anadolu Agency

2023 жылдың 1 маусым мен 22 қыркүйек аралығында Түркия 42 мың 875 заңсыз мигрантты елден шығарған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Журналистердің сұрағына жауап берген Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікаяның айтуынша, соңғы төрт айда 43 мыңға жуық заңсыз мигрант елден шығарылған. Осылайша визасы мен уақытша тұру мерзімі аяқталған 105 мың 488 шетелдік ұшаққа мініп, елден кеткен.

Министрдің айтуынша, бұған дейін бұл көрсеткіш 89 мыңды құраған. 

Сондай-ақ, Ерлікая заңсыз мигранттар негізінен Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан, Иран шекараларынан келетінін атап өтті.

Айта кетейік, бірінші желтоқсаннан бастап Түркия аумағында "Мобильді миграция нүктесі" жобасы іске қосылады. Қолданба аясында барлық жерде куәлік тексерісі жүргізіледі.            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу