Түркия ақыры Кипрдің қолдауын қабылдайтын болды

478

Түркия өз шешімінен бас тартып, Кипрден көмек қабылдайтын болды.  

Түркия ақыры Кипрдің қолдауын қабылдайтын болды Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы inbusiness.kz Greek Media Portal порталына сілтеме жасап хабарлады.

Кипрлық гуманитарлық көмек пен тірі қалғандарды табуға көмек болатын құтқарушылардан бас тартқан Түркия 24 сағатқа жетер-жетпес уақытта сөзін қайтып алды. Ақыры Никосияның ұсынысын қабылдады.

Түрік тарапы бұдан әрі түсініктеме берген жоқ. Greek MediaPortal Ердоғанның ұсынысты қабылдауының себебі айдан анық. Қаншама адам қаза тауып жатқанда көмек беруге ниет білдіргенді итеру - оның сайлау алдында саяси беделіне нұқсан келтіреді. Оған көмекті қабылдау туралы хабар Кипр Республикасына Түркия үкіметінің өзінен емес, еуропалық азаматтық қорғау механизмінен келгенін ерекше атап өткен жөн, деп түйіндеді портал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу