Түркия-Әзербайжан университеті құрылады

463

Ердоған мен Әлиев екіжақты кездесуден соң баспасөз өкілдеріне ортақ мәлімдеме жасады.

Түркия-Әзербайжан университеті құрылады Фото: Ашық дереккөзден

Түркия мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бел буған екі ел басшысы білім саласындағы маңызды жобалардың біріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі trthaber.com-ға сілтеме жасап.

Режеп Тайып Ердоған Бакуге сапары барысында әріптесі Илхам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды. Соның бірі – білім саласы.

Осы бағытта жасалынып жатқан қадамның бірі – Түркия-Әзербайжан университетін құру. Осы мәселеге байланысты Түркияның жоғары білім беру кеңесінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал Әзербайжан тарапы болса, жоба аясында құқықтық реттеу қажеттігін айтты.

"Түркия-Әзербайжан жоғары оқу орнының екі ел үшін маңызы зор болмақ. Нәтижесінде әзербайжандық жастарымыздың Түркияға келіп оқып жатқандары секілді, түрік жастары да Әзербайжандағы университетте білім алу мүмкіндігіне ие болады", - деді Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу